Сайт жасау Satu.kz-те
Себет
28 пікір

Сейчаc компания не может быстро обрабатывать заказы и сообщения, поскольку по ее графику работы сегодня выходной. Ваша заявка будет обработана в ближайший рабочий день.

+7 (701) 766-96-28
+7 (707) 131-13-40
+7 (707) 131-13-80
Весы электронные и платформенные, кассовые аппараты, сейфы офисные и оружейные от «А -Техцентр Плюс»
Себет

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 166-бабының 1-тармағына сәйкес фискалдық чекке қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 166-бабының 1-тармағына сәйкес фискалдық чекке қойылатын талаптар

Бақылау-кассалық машинаның чегінде келесі мәліметтер болуы тиіс:

1) салық төлеушінің атауы;

2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

3) бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірі;

4) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі;

5) чектің реттік нөмірі;

6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні мен уақыты;

7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлік бағасы;

8) фискалдық белгі;

9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің түпнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауы және фискалдық деректер операторының интернет-ресурсының деректемелері;

10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы;

11) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны, олардың өлшем бірлігі;

12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасы;

13) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша қосылған құн салығы салынатын айналымдар бойынша ставканы көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасы – егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда;

14) бақылау-касса машинасын пайдалану орнының мекенжайы;

15) бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих-код.
Басқа мақалалар